Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template

Блог Директора

Главная Блог Директора

Сарсенбеков Абайбек Жандарбекұлы
1984 жылдың 31 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.

Білімі:

2002–2006 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежесін иеленді.

2016–2018 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолы:

  • 2006–2010 жж. — Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қостанай қазақ-түрік лицейі.

  • 2010–2011 жж. — Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Нұрорда» қазақ-түрік лицей-кешені.

  • 2011–2014 жж. — Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, №3 Кентау қазақ-түрік дарынды ер балаларға арналған лицей-интернаты, Кентау қаласы.

  • 2014–2015 жж. — Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Жаңаөзен қазақ-түрік лицей-интернаты, Жаңаөзен қаласы.

  • 2015–2016 жж. — Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Ақтау қаласы.

  • 2016–2018 жж. — Директор, Жаңаөзен «Білім-инновация» лицей-интернаты, Жаңаөзен қаласы.

  • 2018–2020 жж. — Директор, Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты, Қызылорда қаласы.

  • 2020–2024 жж. — Директор, Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты, Қызылорда қаласы.

  • 2024 жылдан бастап — Директор.